27.07.2018, 13:08
Оқылды: 17

Зеленов ауданында жаңа кәсіп иелеріне кеңес берілді  

 

zelenovЗеленов ауданы орталығында шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында семинар-кеңес оздырылды.


 

БҚО кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бірлесе ұйымдастырған кеңеске БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің бас маманы Жанна Қалешева, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының маманы Әдиет Орашев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының маманы Талап Бисенбаев, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері, шаруа қожалық иелері мен «Бастау бизнес» жобасының түлектері қатысты.

Алдымен жиналғандарға Жанна Төлеуғалиқызы «Еңбек 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында кеңінен мағлұмат беріп өтті.

zel kenesОдан соң ауыл шаруашылығын дамытушы жаңа кәсіп иелеріне 6 миллионға дейінгі қаржыны 6 пайыздық мөлшерлемен беретін «Іскер» бағдарламасы жайында Әдиет Бақтыбайұлы баяндады.

Сондай-ақ жиын барысында Талап Бисенбайұлы «Сыбаға», «Игілік», «Кәсіпкер» бағдарламалары турасында әңгіме өрбітсе, несие алуға ниеттенген жаңа кәсіп иелеріне кепілдің не үшін керектігі мен қаржыны қандай шарттар негізінде алуға болатындығы жайында семинар-кеңеске арнайы келген «ҚазАгроГарант» АҚ-ның директоры Досхан Салықов айтып өтті.

Семинар-кеңеске негізінен кәсібін жаңа бастағалы жүрген «Бастау бизнес» жобасының түлектері келгендіктен, аталмыш кеңестің берері мол болды.

Жиын соңында кеңес қатысушылары арнайы өкілдерге өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.

 Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале