21.08.2017, 17:28
Оқылды: 19

Зеленов ауданында жыл басынан бері 640 отбасы ажырады

Таяуда Зеленов ауданында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандармен профилактикалық іс-шараларды  ұйымдастыру және  гендерлік теңдікті  дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараға арнайы келген бірлестіктің жетекшісі Хадиша Мұқанова, қаржы маманы Ғалия  Сатыбалдина, БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Шынар Капаева қыз-келіншектер тобымен жүздесіп, гендерлік саясат, қоғамдағы зорлық-зомбылық факторларының алдын алу шаралары жөнінде әңгіме өрбітті. Мемлекетіміздің ұлт саулығы туралы бағдарламалардан бастап әйел адамдарға қатысты барлық заңдарды екшеп берген Хадиша Халыққызы отбасы мәселесіне қатысты  біраз жайттарды баяндаса,  Ғалия Кәмшатқызы  отбасындағы бюджеттік қаржының дұрыс жұмсалуы мәселесіне тоқталды.  Одан соң тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандармен профилактикалық іс-шаралар тақырыбын кеңінен сөз еткен Шынар Дәтібайқызы үстіміздегі жыл басынан күні бүгінге дейін  640 ажырасу тіркелгенін айта келіп, бұл жағымсыз көрсеткіш жалғызбасты аналар мен тірі жетім балалардың көбеюіне алып кеп отырғандығына тоқталды.

Гүлжан  Аязбаева 

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале