24.01.2018, 11:35
Оқылды: 20

Зеленов ауданының 42 елді мекеніне ауыз су жеткен жоқ

Зеленов ауданының əкімі Асхат Шахаровтың халықпен есептік кездесуі Краснов, Махамбет, Макаров, Достық ауылдарында жалғасты.

Самара-Шымкент күре жолын бойлай орналасқан Краснов, Махамбет ауылдарының əлеуеті өте жоғары. Облыс орталығын іргелей отырған Макаров пен Достықтың да экономикалық даму қарқыны осал емес. Аталмыш ауыл тұрғындары алдында ауданның экономикалық-əлеуметтік дамуы туралы есеп берген аудан басшысы Асхат Берлешұлы əр салаға тоқталып, ағымдағы жыл жоспарымен бөлісті.

Ауданның 82 пайызы газбен қамтылса, 42 елді мекенге əлі орталықтандырылған ауыз су жеткен жоқ. Сондықтан биыл газ, су тарту жұмыстары ауданда қарқын алмақ.  Ауылдарға барар жолдардың жауын-шашын кездері қиыншылық келтіретін тұстарын жөндеуге 500 млн. теңге қаражат қажеттігі анықталып, құжаттама жұмыстары басталған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен ауданға бөлінетін 51 млн. теңге жабдықталған спорт алаңдарын салуға бағытталмақ. Жергілікті іскер азаматтардың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 35 жоба іске асыру жоспарланса, Жамбыл ауылында мектеп, Достық ауылында 100 орындық балабақша, Янайкин ауылында мектепке қосымша ғимарат құрылысы басталмақ. Сондай-ақ аудан орталығында 11 шақырым жол салынып, бірқатар ауыларалық жол жөнделеді. Шағын кəсіпкерлікті дамыту мақсатында тың жобалар іске аспақ.

Краснов және Макаров ауылдарының тұрғындары ауылға клуб салуды сұрады. Садовый елді мекеніне ауыз су, Факель, Мирная елді мекендеріне газ өткізуді алға тартты. Халық саны қарқынды өсіп отырған Достық ауылында ескі мектепке балалар сыймай қалуы мүмкін. Тұрғындар да осы мəселенің шешімін тосуда. Көтерілген сұрақтарға жауап берген аудан басшысы биылғы жоспарға енбей қалған мəселер бойынша жұмыстанатынын жеткізді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале