7.02.2018, 16:28
Оқылды: 17

Зеленовта денсаулық сақтау мекемелері жаңарады  

 

Зеленов ауданында денсаулық сақтау ғимараттарын жаңғырту қарқынды жүзеге асуда. Биыл ауданда бірқатар денсаулық сақтау нысандары жөнделмек. Бұл туралы бүгін аудан әкімінің халықпен есептік кездесуінде айтылды. 

Тек өткен 2017 жылдың өзінде Дарияндағы Зеленов аудандық ауруханасының қосалқы құрылымы, Рубежин дәрігерлік амбулаториясы, Володар фельдшерлік акушерлік пункті, Новенький фельдшерлік акушерлік пункті, Котельников, Чесноков, Павлов, Озерный, Чиров медпункттері жөнделді.

Денсаулық сақтау мекемелерін жаңартып, оларды қазіргі заманғы технологиялармен жабдықтау ісі биыл да жалғаспақ. Ағымдағы жылы  аудандық аурухана мен  Раздольный ауылдық медпункті күрделі жөндеуден өтетін болады. Қазір ол жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале