21.07.2018, 10:53
Оқылды: 45

Зеленовта қос саябақ ашылды

DSC_0008Зеленов ауданының орталығында «Бейбітшілік пен келісім» және «Астана» деп аталатын қос бірдей саябақ ел игілігіне пайдалануға берілді.


«Бейбітшілік пен келісім» саябағының нақ ортасында биіктігі 40 метрлік тұғырда орын тепкен көк байрақтың ерекше салтанатпен биікке көтерілуі барша тұрғындарға татулықтың айшықты үлгісіндей әсер сыйлады.

DSC_0083Саябақтың ашылуымен жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров, еңбек ардагері Сатыбалды Төлегеновтер елде атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдірді.

Жергілікті әнші Ақан Жекековтің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әні ырғағында аспанға бейбітшіліктің нышаны ақ көгершіндер ұшырылды.

Ал «Астана» саябағының лентасын қию құрметі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, облыстық мәслихаттың депутаты, жерлесіміз Ақсерік Әйтімов пен Батыс Қазақстан облысы бойынша спорттық бағдарлау жеңімпазы, Қазақстан Республикасының  чемпионы, 2015 жылы Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Наргиза Иргусаеваға берілді.

DSC_0139Салтанатты шарада сөз алған «Риченька» украин этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Татьяна Гоголевой мен Астана қаласының құрдасы, аудан мақтанышы Наргиза Иргусаева ел дамуы жолындағы іргелі істерге ыстық ықылас танытты.

Жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, саябақ ішіндегі субұрқақ қызығы тамашаланды.

Сонымен қатар зеленовтықтарға құттықтау тілегін арнап, жастарды еңбекке, бірлік пен татулыққа шақырар еңбек жасағының басты ерекшеліктеріне тоқталған облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының басшысы Қанат Досмағамбетовтің сөзінен кейін «жасылелдіктер» флешмоб орындады.                      

DSC_0265Айта кету керек, маусым айынан бастап аудан орталығы Переметный ауылында 10, Январцев ауылында 6, Дариян ауылында 14 «Жасыл ел» еңбек жасағы мүшелері өз қызметтерін абыройлы атқарып келеді.

Ертай БИМҰХАНОВ

Зеленов ауданы

Суреттерді түсірген Түгелбай БИСЕН

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале