25.09.2017, 12:48
Оқылды: 23

Зеленовта street workout алаңы ашылды

Зеленов ауданы орталығында street workout және балалардың ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті. Біраздан бері жоспарланған нысан халық игілігіне берілер күнді күткен ауыл тұрғындары көп жиналды. Сондай-ақ спотшылар мен спорт ардагерлері де бұған дейін болмаған нысан ашылуына келді.


Әбден тозығы жеткен ескі балалар алаңынын орнына бой көтерген жаңа нысан ашылуында сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров: Бұндай алаң өңірімізде кемде-кем. Енді жастарымыз бос уақытын текке өткізбей спортқа ден қояды деп сенемін. Ауданда атқарылып жатырған игі істің барлығы ел ертеңі саналатын жастар үшін жасалуда. Елбасымыз әр сөзінде спортпен шұғылданатын отандастарымыздың санын 30 пайызға жеткізуді айтып отырады. Бүгін ашылып жатқан спорт нысаны сол көрсеткішке жету жолындағы бір қадамымыз,-деп жиналған халықты құттықтады. Кейін аудан спортының ардагері Иван Юнусов та сөз алып, жұмысымыз компьютерге жүктелген, жүргеннен гөрі отырысымыз көбейген уақытта ашылған алаңымыз ағайынды спортпен шұғылдануға шақырады. Алаңымызға келушілер көп болсын,- деген тілегін білдірді.
Бұдан бөлек ауыл тұрғындары атынан Жеміс Лұқпанова ризашылығын білдірсе, аудан өнерпаздары би мен әннен шашу шашты. Ал нысан ашылуының сәнін Орал қаласынан келген street workout тобының жігіттері кіргізді. Керме, брус және тағы басқа спорт спорттық снарядтарда түрлі трюктар көрсеткен спортшылардың өнеріне жиналған жұрт тамсана және таңдана қол соқты.
Болашақта аудан жастарын соңғы уақытта жақсы қарқынмен дами бастаған street workout спорт түріне тарту үшін облыс орталығынан арнайы бапкерлер мен спорт инструкторларды да алдыру қолға алынбақ.

Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале