4.09.2018, 11:55
Оқылды: 37

Зеленовта тілдер күніне орай фестиваль өтті

Өткен жылдың қазан айында ел үкіметі «Қазақстан Республикасындағы  мерекелі күндердің тізбесін бекіту» туралы қаулысын шығарып, бұрында 22 қыркүйекте мерекеленіп келген Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі 5 қыркүйекке ауыстырылды. Әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылған мереке Зеленов ауданында ерекше салтанатпен атап өтілді.

IMG_9694

«Тіл – тұтастық туы» атты фестивальмен басталған мерекеге арнайы келген аудан әкімі Асхат Шахаров:

-Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі – ана тіліміз. Біздің көпұлтты еліміздегі татулық Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр.

Елімізден тұрақ тапқан әр ұлт өкілі өз тілінде сөйлеп, өз салт-дәстүрін сақтай алады. Сол себепті еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетуі тиіс,-деді.

Мерекелік шарада мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, ана тіліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аудан азамат-азаматшалары марапатталды.

Көркемөнерпаздарының концертіне ұласқан фестиваль ұлттық-мәдени бірлестіктер орындауындағы «Достық» блогымен ашылды.

Ауданды мекендеген орыс, украин, татар ұлттарының әндері орындалған блогты «Ақниет» әжелер ансамблі тамаша қорытындылады. Сондай-ақ Полина Сармина, Валентин Сажин, Алтынбек Елеусін сияқты әншілер көрерменге жақсы көңіл-күй сыйласа, Аслан Ғизатов пен Николай Новеньков және «Іңкәр» би ансамблі концерт көркін қыздыра түсті.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

IMG_9729

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале