7.11.2018, 17:57
Оқылды: 75

Зеленовтық еңбек ардагеріне ескерткіш-тақта орнатылды

Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінде ауданның дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан айтулы азамат, ерен еңбек иесі Қанапия Жиенәлиев тұрған үйге ескертікіш-тақта орнатылды.

IMG_5255

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов, еңбек ардагері Қанапия Кенжегерейұлының баласы, медицина ғылымының докторы, профессор Болат Жиенәлиев пен ауыл тұрғындары қатысты.

- 1960-1980 жылдары аудан қарқынды дамыды. Жылдан-жылға құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. Сол кезде мамандарды, кеңшар, ұжымшар басшылары еселі еңбек ете білді. Солардың қатарында бүгінде біз өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатып отырған Қанапия Жиенәлиев те бар еді. Қанапия Кенжегерейұлының басшылығы кезінде ауылда көптеген баспаналар мен ғимараттар бой көтерді. Ауыл қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Осындай атамыз ел үшін сіңірген еңбегі қашанда кейінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі болары анық, - деді Мұрат Дүйсенұлы.

Қанапия Жиенәлиев зоотехник, бас агроном, Зеленов аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы комитеті төрағасының орынбасары сынды жұмыстарды абыроймен атқарған. Кейін 1964 жылы Егіндібұлақ ұжымшарының төрағасы қызметіне тағайындалып, ауылды он жеті жыл басқарған.

- Әкем «Барлық атқарған жұмыстар ел игілігіне жұмсалады» дейтін. Бүгін салтанатты шара ұйымдастырып, ескерткіш-тақта орнатып отырған аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдігіне алғысымды білдіремін. Жоғарыда атап өткендей, ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын! - деді Болат Қанапияұлы.

Бұдан соң сөз ауыл тұрғындар Қанапия Жиенәлиевтің азаматтық болмысын айтып, ауылдың бір көшесін сол кісінің есімімен атаса деген ой айтты.

Бір кездері Қанапия Кенжегерейұлы тұрған баспанада бүгінде қыз-күйеу баласы Еркін мен Балжан тұрады.

IMG_5206

IMG_5297

IMG_5217 IMG_5265

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале