15.05.2017, 15:59
Оқылды: 60

Зеленовтық өрендер жеңіспен оралды

Zelenov jenispen oraldi  Алматы қаласында «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Жеті өнер» І халықаралық балалар мен жастар шығармашылығы фестивалі  өтті.

  Байқауға еліміздің және Қытай Халық Республикасынан келген үш мыңға жуық өнерпаз қатысты. Осы фестивальде бақ сынаған жерлестеріміздің бағы жанып, жүлделі оралды.


  «Аспапта орындаушылық» (домбыра) аталымында екінші санатты домбыра пәнінің оқытушысы А.Өтеулиева жетекшілік ететін  аудандық саз мектебінің «Елмұра» ансамблі бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ  академиялық вокалдан Елдар Тасболатов І дәрежелі  лауреат (жетекшісі Ә.Ниғметов),  көркем сөзден Жахия Мажитов ІІ дәрежелі лауреат (Л.Қажығалиева), Самал Батырғалиева аккордеонда орындауда ІІ дәрежелі лауреат (О.Колесниченко) атанса, «Уралочка» орыс ұлттық аспаптары триосы домра-прима орындауда І орынға ие болса, Назерке Шүйнішқалиева домра-примада І дәрежелі дипломант атанды. Бұдан бөлек  Нұрсұлтан Сақтай вокалдан ІІ дәрежелі дипломант (жетекшісі Л.Қажығалиева) атағына қол жеткізді.

   Байқаудан бөлек, «Жаңартылған өнер» аттты семинар  өткізліп, ұстаздар тәжірибе алмасты. Семинар соңында сертификаттар табысталды.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале