2.05.2017, 15:58
Оқылды: 22

Зеленовтық палуандар жарады

Зеленов ауданы Щапов ауылында қазақ күресінен «Динамо» спорт клубының жүлдесіне арналған аудандық жарыс ұйымдастырылды.

100-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыста переметныйлық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.

Атап айтар болсақ, 2006-2007 жылғы жас палуандардың бәсекесінде өз салмақ дәрежелерінде Дарын Алманбетов, Бақыт Оңдасынов, Руслан Сабировтар екінші орыннан көрсінсе, Дильман Нұрлыбай ІІІ орын иеленді.          Ал 2004-2005 жылғы палуандар бәсекесінің қорытындысында Александр Бердник өз салмағында ІІ орын иеленсе, Ербол Тынышбаев, Расул Жолдасов пен Мадияр Мұхамбетияр жарыс жеңімпаздары атанды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале