19.06.2018, 22:08
Оқылды: 17

Жалпақталда екі қабатты тұрғын үй салынбақ

35540095_425660597843834_3874252997131239424_n(1)Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбековтің "Ашық әкімдік" бойынша жұмыс жоспары Жалпақтал ауылында жалғасты.

Ең алдыменен, аудан басшысы Ғ.Әнесов, Жалпақтал, Сламихин бағытында тұратын тұрғындармен аудандық спорт мектебінде кейін Жалпақтал мәдениет үйінде кездесті.

Кездесу барысында тұрғындардың тыныс тіршілігімен танысып, ауданда атқарылып жатқан жұмыс жоспарымен бөлісті. Өз кезегінде Жалпақтал әкімі Самиғолла Ақмурзин І жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

-Ауыл-аймақты аралап келеміз. Ауданымызда атқарылған да атқарылатын жұмыстар жетерлік. Бүгінде біз Жалпақтал ауылында екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй салуды жоспарлап, мердігері шешіліп, алдағы аптадан құрылыс жұмыстары бастайтын болады. Сонымен қатар ауданымызда газдандыру жұмыстары биыл қолға алынып, үш бағыт бойынша қаражаттары бөлініп, бұл да алдағы уақытта жұмыстарын бастайды. Ал Жалпақтал, Қараөзен ауылдық округтеріндегі "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталу қарсаңында. Шілде айында іске қосылатын болады,-деген Абат Абайұлы тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Кездесу соңында ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале