8-707-808-48-55
14.06.2018, 11:21
Оқылды: 158
Жаңақала ауданында медицина қызметкерлері күні аталып өтті

IMG_4555«Кәсібіңе басымды ием»  атты мерекелік концертте ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталып, жылы лебіздер айтылды.

Салтанатты шарада аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үлкен табыстарға жетулерін тіледі. Сондай-ақ ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін бірқатар медицина қызметкерлерін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Облыстық басқарма басшысы Қ.Дүйсенбайұлы алғыс хатымен аудандық емхана қызметкерлері А.Құрманалиева, Қ.Меңдіғалиева, И.Молдашева, ауданаралық сауықтыру мекемесінен З.Гумарова, И.Иманбаева, С.Жолтаева марапатталды. Сонымен қатар, аудан әкімі Н.Қадырбайұлы да ауданымыздың ақ халатты абзал жандарына алғыс хаттар тапсырды. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының Жаңақала ауданы бойынша бөлімшесінің қызметкерлері де арнайы марапаттардан құр қалған жоқ.

Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және медицина саласының қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен өрбіді. Содан соң көрермендер арасында отырған денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар берілді.

Мұнан кейін сахна төріне «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының бірінші орынбасары Р.Аманғалиұлы шақырылып, ол да аудандық денсаулық сақтау саласының біраз қызметкерлеріне құттықтау хат табыстады.

Шара «Жаңақала орталық аудандық ауруханасының» МКҚК басшысы Ш.Салықұлының, «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы МКҚК директоры Қ.Рахметоллаұлының құттықтауымен жалғасты. Мекеме басшылары білім мен мейірімділікті ұштастыра білген ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, мадақтама қағаздарымен марапаттау рәсімін өткізді.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Ибрагимов құттықтау сөзін сөйлеп, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан бактериологиялық зерттеулер зертханасының кіші қызметкері З.Жұбанованы марапаттады.

Салтанатты кеш Ж.Мұсағалиевті орындауында «Ақ халатты абзал жандар» әнімен қорытындыланды.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

Пікір қалдыру