19.07.2019, 20:34
Оқылды: 219

Жаңақалада «Цифрлы әліппе» жүйесі бойынша оқыту семинары өтті

Жаңақала мектеп-гимназиясының мультимедия залында «Цифрлы әліппе» жүйесі бойынша интерактивті  оқыту семинары өтті.

IMG_9947

«Цифрлы әліппе» маңызы - арнайы электронды интерактивті-ақпараттық жүйесі арқылы латын графикасындағы жаңа әліпбиді онлайн оқыту. Латын графикасына негізделген ұлттық әліпби арқылы мәтіндерді таңбалау дағдыларын қашықтан меңгерту, қазақ тілінің жаңа жазуын оқыту, алған білімдерін интерактивті жаттығулар арқылы пысықтау мақсатында өткен семинарға әртүрлі саланың 60-тан астам маманы қатысты.

IMG_9966

Аталмыш семинарды өткізген Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының үйлестіруші-әдіскері Әсел Сағатбаева мамандарға түсінік жұмыстарын жүргізіп, «www.elatyn.kz» сайтына тіркелудің үлгісін көрсетті. Тіркелгендер тест тапсырмаларын орындап, «оқылым, тыңдалым, жазылым» сынды бөлімдерден сынақ тапсырды. Бағдарлама төменгі, орта, жоғарғы деңгей боп бөлінеді.

IMG_9922

- Интерактивті семинардан латын әліпбиіне көшуге байланысты біраз ақпараттар алдым. Ұйымдастырушы маманның сөзінше бір ай бойы сайт арқылы тест тапсырмаларын орындап, сертификат алуға болады екен. Алдағы уақытта барлық деңгейдің сертификаттарын алуға ниеттеніп отырмын. Жаһандану заманында ғаламтор арқылы қашықтан оқыту семинарлары ауданымызда жиі ұйымдастырылса екен, - дейді В.Нұрманғалиева.

Айару БАҚЫТОВА

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале