31.01.2018, 17:35
Оқылды: 61

Жаңақалада газ тартылмаған 10 ауыл қалды

Қазір Жаңақала ауданы бойынша 22 елді мекеннің 12-сі, яғни аудан халқының 87 пайызы табиғи газбен қамтылған. Бұл жайлы бүгін Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин халыққа есебінде айтты.

Өткен жылы Жуалыой, Мұқыр, Сарыкөл, Жангелді ауылдарына табиғи газдың жүргізілуіне 184 млн. теңге бөлініп, газ құбыры тартылды. Биылғы жылы табиғи газ жеткізілген 4 ауылға ауылішілік газ желілерін тартуға жобалық сметалық құжаттары жасақталынды. Құны 129 млн. теңге, нақтылау бюджетіне ұсынылуда. Жоғарыда аталған 4 ауыл табиғи газға қосылса, аудан халқының 95 пайызы газбен қамтылмақ.

Чапай-Жаңақала-Сайқын автокөлік жолының 77,5 шақырымын жөндеуге 4 млрд. 96 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді.        Бұның сыртында Жаңақала ауылының көше жолдарының 5,7 шақырымын орташа жөндеуге 17 4342,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жүргізілуде,-дейді аудан әкімі баяндамасында.

zhaikpress.kz

Сурет Айбатыр Нұраштікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале