14.04.2017, 15:33
Оқылды: 27

Жаңақалада стаматология кабинеті ашылды

zhanakalada stomatologia   Жаңақала ауданы жыл санап өсіп, көркейіп келеді. Оған ауданның кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда. Олардың бірі мемлекет қолдауымен, бірі өз күштерімен кәсіптерін дамытып, халыққа қызмет көрсететін әр түрлі нысандар салуда. Сондай жас кәсіпкердің бірі - Нұртай Сабыров. Ол биыл «Мақсат» Орал медициналық колледжін «Стаматология бойынша дандист» мамандығы бойынша тамамдаған. Оқуын биыл ғана аяқтаған ол үкіметке алақан жаймай, өзінің стаматологиялық кабинетін ашуды жөн көрген.


   - Мен оқу оқып жүріп Орал қаласындағы жеке стаматологиялық орталықта жұмыс жасадым. Ондағы мақсатым тек ақша табу ғана емес, сонымен қоса өзім үшін тәжірибе жинау еді. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң Елбасымыз айтқандай үкіметке масыл болмай, өз ісімді ашуды жөн көрдім. Осылайша отбасымның көмегімен 1млн. 200 мыңнан астам қаржы жинап, оған керекті құрылғыларды сатып алып, өзіңіз көріп отырған стаматологиялық кабинетті аштым. Әрине, бәрі бірден керемет болып кетпес, дегенмен бүгінгі таңда  стаматолог дәрігердің көмегін қажет ететін тіс емдетушілер көп. Оны орталық аурхандағы стаматология кабинетінің алдында тізілген кезектен де анық аңғаруға болады. Сол себепті отбасыммен ақылдаса келе, әрі өзіме табыс беретін, әрі халыққа пайдасы тиетін осы істі қолға алдым,- дейді Нұртай.

    Ауданымызға халыққа қызмет ететін, халықтың сұранысын қанағаттандыратын нысандар керек-ақ. Расымен Нұртай бауырымыз айтқандай орталық ауруханада тіс жұлдыру, тіс салдыру, емдету үшін келетін адамдардың қарасы көп. Онда тіс жұлумен қатар, тіс емдеу, тіс салу секілді қызмет түрлері көрсетілді. Сондай-ақ, тісті жансыздандыру үшін Германия, Жапония секілді медицина саласы жақсы дамыған елдердің дәрі-дәрмегі қолданылады екен.

Н.ҒАББАС

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале