18.06.2019, 12:24
Оқылды: 320

Жаңақалада тұңғыш рет әнұрандар фестивалі өтті

Жаңақала ауданы әкімдігі және Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында әр өлкенің гимніне арналған «Ауылым – асқақ ән» атты облыстық ән фестивалі өтті.

Алдымен фестивальге қатысушылар алдымен аудан орталығындағы алыптар алаңында болып, дәулескер домбырашылардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Одан әрі аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде «Бабадан қалған ұранды ел, ғажапсың неткен туған жер!» атты аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмені тамашалап, Д.Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейіне саяхат жасады.

IMG_8309

 Жаңақалада тұңғыш рет шымылдығын түрген фестивальге Орал қаласы мен 11 ауданның өнерпаздары қатысып, өнерлерін паш етті. Фестиваль соңында ән мәтіндерін жазған Ғайсағали Сейтақ, Мәлік Бердіалиев, Адақ Шотпанов, Закария Сисенғали сынды ақындарға, Ғұбайдолла Хибашев, Алмас Елшібеков, Еркін Нұрымбетов, Мұхтар Рамазанов секілді сазгерлерге аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин алғыс хаттар мен сыйлық табыс етті. Бұдан бөлек фестивальде аудандарының әнұранына айналған әндерді шырқаған күміс көмей, жез таңдай әншілерге аудан әкімі атынан ықылас гүлі табысталды.

IMG_8130

Әншілер алғыс хат пен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

IMG_8363 IMG_8405 IMG_8420

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале