5.07.2019, 13:15
Оқылды: 593

Жаңақалада үш қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңақала ауданына келген облыс әкімі Ғали Есқалиев ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығында болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты.

janaqala (9)

Мереке қарсаңында Жаңақала ауданында 23 отбасы баспаналы болды. Жаңақалалықтарға тұрғын үйдің кілтін тапсыру салтанатты шарасына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

janaqala (5)

Облыс әкімі аудан орталығы – Жаңақала ауылында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында аудандық бюджет есебінен салынған тұрғын үйдің кілтін жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне табыстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.

janaqala (3)

-Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету - өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан елімізде осындай күрмеулі мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Нұрлы жер» бағдарламасы. Басқа да жеңілдетілген несиемен үй беретін бағдарламалар бар. Алдағы уақытта аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға 2 пайыз несиемен үй, жеке баспана саламын деген тұрғындарға жер телімдері беріледі. Жаңақаланың өзінде 1 047 жер теліміне инфрақұрылым тарттық. Енді сол жерде тұрғындар үйлерін сала алады. Бұның бәрі мемлекеттің көмегі,-деді облыс әкімі.

janaqala (1)

Мердігер «Жалпақтал су» ЖШС үш қабатты, 24 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысын межелі уақытынан ерте аяқтап, ел игілігіне берді. Келісімшарт құны – 181 млн. 198 мың теңге.

janaqala (4)

Алдағы уақытта Жаңақала ауданында тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу мақсатында көптеген жоба іске асырылмақ.

Алтынбек Ермекқалиев

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале