1.06.2020, 13:15
Оқылды: 625

Жаңақалалық түлектер Балалар күніне жаңа алаң сыйлады

Маусымның 1-ші жұлдызы Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Жаңақала мектебінің 2000 жылғы түлектері балалар ойнайтын алаң тарту етті.

D1512A6E-E0C4-4816-A6D3-B090CF1FC64D

1983 жылғы туған қыз-жігіттер өзара ақылдасып, балаларды қуанту үшін игілікті іс жасады. Құны 1 миллион теңге болатын балалар алаңы бүлдіршіндердің мейрамында ашылды. Үстеріне 20 жылдық деген жазуы бар футболка киген аға-әпкелеріміз өзгелерден ерекшеленіп тұрды.

16D6F252-7414-4C8D-A16C-9FF13169DC80

Ата-аналар да мәз-мейрам боп, бүлдіршіндер жағы ойнауға кірісіп кеткен.

EB9910AF-91EE-4FEB-91C3-552D73BCB7D8

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы:

- Құрметті жерлестер, бүгін үлкен істің куәсі болып отырмыз. Осыдан 20 жыл бұрын мектепті тәмамдап, қазіргі кезде түрлі салада жүрген кезіндегі жас ұрпақ, бүгінде соңдарынан өсіп келе жатқан іні-қарындастарына ойнайтын алаң тарту еткелі тұр. Аудан жұртшылығының атынан 1983 жылғы түлектерге рақметімді айтамын. Бұл игі дәстүр аудан көлемінде соңғы кездері жиі ұйымдастырылып жүр. Осындай жақсы ниеттеріңіз кейінгі ұрпаққа қуаныш сыйлап, олар да іздеріңізді жалғастыра берсін. Балаларымыз бақытты болсын, - деп түлектерді құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Балалар алаңының лентасын ардагер ұстаз Зоя Фёдоровна мен аудан әкімі Н.Қарағойшин қиды.  

78304CEA-9516-4699-B4A7-857994301BAF

Ашылу салтанатының соңында түлектер балаларға тәтті сусындар таратты. Шара соңы естелік суретке түсуге ұласты.

63D5F097-1158-4B14-8F3F-4A7E7EA6B586

63B2B1DA-46B1-4D67-9C3C-1FF93DD2AB58

B178B7EA-56F1-4290-87E5-39152F7FAF42

Жанайдар Болатбек,

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале