21.06.2019, 20:28
Оқылды: 126

Жаңақалалықтар «Сол бір кез» қойылымын тамашалады

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Қыз Жібек» фильмінің басты рөлін сомдаушы, профессор Меруерт Қаратайқызы Өтекешева бір топ шәкіртімен бірге Жаңақала ауданына келіп, аудандық мәдени-демалыс орталығында халықпен кездесті.

IMG_6833

Кездесу барысында Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Актер өнері және режиссура» кафедрасының 2-курс студенттері «Сол бір кез» атты сахналық әңгіме кешін көрермен назарына ұсынды.

Қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Аудан тұрғындары жас әртістерден қолдау-қошеметтерін аямады.

IMG_6843

Одан әрі аты сахна төріне көтерілген Меруерт апамыз ел-жұртқа иіліп сәлем берді. Төлегені дүниеден озса да, оның есімі ел жүрегінде мәңгі сақталатынын айтқан ол, қонақжай жаңақалалықтарға шынайы алғысын білдірді.

Мұнан кейін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сөз алып, М.Өтекешованың өнегелі өмір жолы жастарға үлгі екенін айтып, осындай қазақтың аяулы әртісінің жанында болып, дәріс алып жүрген студенттер бақытты екенін жеткізді.

IMG_6853

Меруерт Қаратайқызына алғыс хат табыстап, қазақтың дәстүріне сай иығына камзол жауып, құрмет көрсетті.

Алтынбек Ысқақ,

Жаңақала ауданы,

 zhaikprees.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале