25.04.2017, 17:21
Оқылды: 41

Жаңақалалықтар жеңіске жетті

Janakala voleibol  Бөкей Ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогі үшін волейболдан аймақаралық ашық турнир оздырылды.

  Шараны аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Көршілес Ресейдің Астрахан облысы Ахтуба ауданынан келген команданың мүшесі Хамит Бақынтайұлы дүбірлі додаға шақырғандары үшін бөкейліктерге алғысын білдірді.


  Одан әрі турнирге қатысушы командалар екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті. Бірінші топта Мұратсай ауылы, Жоғарғы Басқұншақ, Жаңақала ойнаса, ал, екінші топта Бөкей орда, Төменгі Басқұншақ, Қазталов командалары сайысты. Іріктеуден суырылып алға шыққан Мұратсай, Жаңақала, Бөкей орда, Қазталов командалары финалға жолдама алса, көршілес елден келген қонақтарымыз алғашқы сыннан әрі аса алмады.

  Бұл достық турнирі қорытындысында аудан әкімінің кубогін Жаңақала командасы иеленді. Жүлделі екінші, үшінші орын Қазталов, Бөкей орда командаларына бұйырды. Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева жарысқа қатысқан барша спортшылар мен турнир қонақтарын құттықтап, алыстан ат артып келген көршілес елдің (Жоғарғы және Төменгі Басқұншақ кенттерінің) командаларына алғыс айтты. Әрі достық байланысымыз үзілмейтіндігіне сенім білдірді.

Әділет ӘБДІРОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале