14.11.2017, 11:59
Оқылды: 25

Жанашыр азаматтар оң істерге ұйытқы болуда

Рухани«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар айқын сипат алуда. Мұның мән-мазмұнын байытып, еліміздегі, облысымыздағы беталыстардан үлгі алу керек. Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламанов өткізген кеңейтілген кеңесте осы хақында баяндады.

Талқылау барысында Ә.Жоламанов оңды істердің бірсыпырасын атап көрсетті. Мысалы, ауыл басшысының ұйтқы болуымен жанашыр азаматтардың Бударинде кіреберіс жолдың ретке келтірілуі, Құрайлысайда Науша батыр кесенесінің салынуы, басқа да бетбұрыстар елдіктің нышаны екені анық.

«Туған жерге перзенттік парызы асқақ азаматтарды, кәсіп иелерін «Құрмет» тақтасында көрсетіп, бір-бірімізді көтермелегеніміз абзал. Еліме қандай пайда әкеле аламын деген толғаныс, ұмтылыс жұртымызда болса, құба-құп. Осыған қол жеткізуіміз қажет-ақ»,-деді аудан басшысы.

Ол рухани түлеуге қатысты жұмыстарда алдыңғы толқын өкілдерімен, қариялармен, Үкіметтік емес ұйымдармен байланыс үзілмеуін де еске салды.

 Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале