3.09.2018, 16:16
Оқылды: 71

Жаңажолда спорт алаңы ашылды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңақала ауданының Жаңажол ауылында жаңа спорт алаңы ашылды.

sport alany (2)

         Алаңның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин:

         -Салауатты өмір салтын қалыптастыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Елбасының сындарлы саясатының негізі - адам және оның денсаулығы. Спортпен шыныққан жас ұрпақ қоғамның басты байлығы екені анық. Жаңажол ауылы жастарының болашағы жарқын, келешегі кемел, спорттағы жеңістері көп болсын!-дей келе, жасөспірім спортшыларға бірнеше доп табыстады.

         Спорт алаңының құрылысына бюджеттен 8 млн. 200 мың теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Стартстройсервис» ЖШС жүргізді.

         Аудан басшысы Н.Қадырбайұлы мен «Айдархан» ЖШС-нің директоры С.Қайырбеков жаңа спорт алаңының лентасын қиды.

         Дәл осы күні аудан әкімі Н.Қарағойшин облыстық, республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген жаңажолдық жас палуандарға  алғыс хат пен сыйлық табыстады.

Салтанатты ашылудан кейін жаңа алаңда шағын футболдан мектеп оқушыларының арасындағы дүбірлі дода басталып кетті.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

sport alany (1) sport alany (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале