3.07.2018, 10:12
Оқылды: 44

Жәнібек ауданында 936 гектар жерді от шалған

 

шшшшшшБұл туралы Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы 3 маусым мен 1 шілде аралығында Тау, Жәнібек, Ақоба және Күйгенкөл ауылдық округтерінің аумағында 10 дала өрті  тіркеліп, оның жалпы аумағы 936 гектарды құраған.


 

Бүгін Ұзынкөл ауылының аумағында басталған дала өртін ауыздықтауға аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері, ауыл тұрғындары, қажетті техникалар тартылуда.

Серік Қыдырашұлы кең ауқымды дала өрттерінің шығуына көбінесе шала сөндірілген сіріңке талы, темекі тұқылы себепші болатынын айта келіп, шаруа қожалықтары мен аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

                                                                                       А.ЕСІРКЕПОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале