18.09.2017, 11:36
Оқылды: 28

Жәнібек ауданында батагөй қариялар байқауы өтті

IMG_6188Жәнібек аудандық мәдениет үйінде халықаралық қариялар күніне арналған «Ата сөзі-бата сөз» атты аудандық батагөй қариялар байқауы оздырылып, оған аудан тұрғындары, жастар қатысты.

Байқауды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ашып, ауданда бірінші рет өткізілгелі отырған шарамен көпшілікті құттықтап, байқауға қатысушы қарияларға сәттілік тіледі. Айтулы шарада Талов, Жақсыбай, Борсы, Күйгенкөл, Тау ауылдарынан тиісінше Ораз Табаев, Еркін Дуитов, Қадырболат Ғаббасов, Ғарифолла Әбдірешев, Төлепқали Әзбергенов сынды қариялар сайысқа түсіп, өзін-өзі таныстыру, ел есіндегі әйгілі жандардың жақын-жуықтарына берген баталары және бата түрлерін жатқа айту бойынша бақтарын сынады. Мазмұнды әрі мәнді өткен байқаудың нәтижесін әділқазылар алқасы талдап, сараптай келе бірінші орынға Тау ауылының қариясы Төлепқали Әзбергеновты лайық деп тапса, екінші орын Талов, Күйгенкөл ауылдарынан келген Ораз Табаев пен  Ғарифолла Әбдірешевке берілді. Ал Жақсыбай, Борсы ауылдарының қариялары Еркін Дуитов пен Қадырболат Ғаббасов үшінші орынды иемденді.

                                                                                   Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале