15.01.2019, 11:20
Оқылды: 15

Жәнібекте 2 829 гектар жер қорға қайтарылды

         Жәнібек ауданының барлық жер көлемі 821 323. Соның 86 536 гектары елді мекендердің, 291 248 гектары «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалы мен «Бөкейорда» резерватының жері.

        jer

         Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы көлемі 380 465 гектар. Соның ішінде 8 286 га. жыртыстық, 3818 га. шабындық және 367935 га. жайылымдық жер. Ауданда 345 шаруа қожалығы есепке алынып, олардың иелігіндегі жер көлемі 360 836 гектарды құрады. Былтыр он шаруа қожалығына 10 897 гектар және бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 5 579 гектар егістік жер беріліп, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жалпы саны 353 бірлікке жетті. Солардың ішінде 345 шаруа қожалығы (360836 га), 1 ЖШС (7886 га), 5 АШӨК (10079 га) және 2 мемлекеттік ауыл шаруашылық ұйымы (1642 га) жұмыс жасауда. Жыл басынан барлығы 2 829 гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды.

А.Құсайынов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале