25.07.2017, 15:29
Оқылды: 62

Жәнібекте 55 шақырым су құбыры тартылады

Janibek su kybiri     Жәнібек ауданында «Қазқұрылыс» ЖШС  құрылысшыларының күшімен 15 шақырым су құбыры жүргізіліп, 84 тұрғын үй ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта барлығы 800 үйге ауыз су құбыры тартылып, таза сумен қамтамасыз етілмек.


    Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылатын су құбырының жалпы ұзындығы 55 шақырымды құрайтынын айтады. Күні бүгін соның 20 шақырымнан астамы тартылған. Сондай-ақ осы шілде, тамыз айларында қысымды реттеуші құрылым алаңында жаңадан 50 текше метрлік су қысымды мұнара, қосымша 500 текше метрлік резервуар, насосты станса салынып, ескі резервуар жөнделмек.

     -Су құбырының көзі ордалық топтық су құбыры. Су құбырын тарту барысында барлық тұрғындар таза сумен қамтылады. Сол сияқты бұрынғы су құбырларына құдықтар қойылады. Ескірген құралдар жаңартылып, трансформатор орнатылады,-дейді бөлім басшысы өз сөзінде.

         Н.Өтей

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале