13.03.2018, 12:42
Оқылды: 34

Жәнібекте балабақшамен қамтылу 99,8 пайыз 

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовтың бізге берген мәліметінше, 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы ауқымында аудан орталығында 290 балаға арналған «Алтын ұя» бөбекжайы ашылып, балалардың қамтылуы 99,8 пайызды құрап отыр.

Бүгінде 9 балабақшада 675, екі мектеп-балабақша кешенінде 50 және 11 шағын орталықта 180, барлығын қосқанда 905 бала тәрбие-біліммен қамтылуда.

                                                                                         Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале