21.10.2020, 11:03
Оқылды: 75

Жәнібекте канал жөнделуде

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты каналды жөндеу жұмыстарын көріп қайтты.

E80C97DC-A023-4569-B7C8-41178F7FED72

Жалпы ұзындығы 40 км болатын каналды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 69 млн., 800 мың теңге қаражат бөлінген.

3F4A952C-55BB-472D-92B0-F18DDBDDE8B4

Қазіргі уақытта "Қоңыр Сервис БҚО " ЖШС КП-6 каналын тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, аталмыш каналдан ауылдың малы суарылады. Сондықтан каналды тазалап, терең қазудың нәтижесінде судың жүруі жылдамдап, мал суаруға қолайлы болады.

1C6D7B75-743A-4EC7-B12C-690B4F1534C8

Жұмысқа 4 экскаватор тартылған. Жұмысшылардың айтуынша, каналды күніне 500 метрдей қазып, тазалайды. Аудан басшысы жұмысшылармен тілдесіп, жұмыс барысын көрді.

Ә. Садық,

Жәнібек ауданы

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале