23.11.2018, 11:39
Оқылды: 48

Жәнібекте 52 шаруа қожалық субсидиямен жел генераторы және күн батареяларын алды

Мемлекеттік қолдаудың басты бір тетігі – субсидия. Осы ретте Жәнібек ауданында жайылымдарды суландыру үшін жыл басынан 52 шаруа қожалығы 208 млн. 609 мың теңгеге 54 бірлік модульдік күн батареясы мен жел қалағын қондырып, оларға 158 млн. 487 мың теңге субсидия төленген. Ал 47 шаруа қожалығы 128 млн. 371 мың теңгеге 54 бірлік құдық соқтырып, 102 млн. 577 мың теңге көлемінде демеуқаржы алған.

1427863565_1kun2

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша ауданда 280 млн. теңге несие қаражаты бөлінсе, күні бүгін 66 кәсіпкер соның 190 млн. 550 мың теңгесін алып, жоспар 68 пайызға орындалды.

О.ҒАЛИЕВ,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале