16.03.2017, 12:23
Оқылды: 62

Жәнібекте ұрлық азаймай отыр

zhanib urlik  Жәнібек ауданының прокуроры Т.Жұманғалеевтің айтуынша, өткен жылы 28 қылмыстық іс қаралса, оның басым көпшілігі ұрлық фактілері.


  Мәселен, өткен жылдың қараша айында 1989 жылғы Б есімді тұрғынға қатысты қылмыстық ісі қаралды. Сот отырысында Б-ның 2016 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Жақсыбай ауылына қарасты Диқаншы жазғы жайлауында жайылып жүрген ауыл тұрғындарының барлығы 32 бас малын ұрлағаны белгілі болды.

  Таловтық тұрғын жәбірленушілерге 6315000 теңге мүліктік залал келтірген. Іс нәтижесінде сотталушы кінәлі деп танылды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Оған қатысты жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарылған.

                                                                                      

А. ЕСІРКЕПОВ,

 Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале