17.09.2018, 16:20
Оқылды: 36

Жәнібектік этнос өкілдері дөңгелек үстел өткізді

Жәнібек аудандық кітапханасында «Қазақстанды мекендейтін халықтардың мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

         Оған 2-полиция батальонының Жәнібек ауданындағы мамандандырылған күзет бөлімінің қызметкерлері, өзге ұлт өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Н.Дуюнова, мәдениет қызметкері, әзербайжан қызы Т.Кафарова және кітапхана қызметкерлері қатысты. Өз кезегінде сөз алған Н.Дуюнова мен кітапханашы Ж.Бірімжарова елімізде ұлтаралық татулықтың, сонымен бірге конфессияаралық келісімнің берік негізі қаланғанын, әр этностың өскелең ұрпағы құтты мекеніне балайтын тәуелсіз Қазақстанның тарихын, мәдениетін білумен бірге, өз ұлтының құндылықтарын да еркін меңгеріп өсетіндігін, ал бұл Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр этностың өкіліне үлкен жауапкершілік жүктейтінін, сол себептен басты мақсат – осындай шаралар арқылы өз еліне адал қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін айтып өтті.

         Шара соңында кітапханашы А.Жұмалиева «Татулық – тұрақтылықтың тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Қ.САЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

dav

dav

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале