25.05.2020, 18:27
Оқылды: 55

Жәнібектік шәкірттер үшін соңғы қоңырау өзгеше соғылды

Бүгін Жәнібек ауданы мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті.  Карантинге байланысты білім ордаларында салтанатты шара өтпегенімен, әр оқушы қоңырау сыңғырынан оқу жылының аяқталғанына қанық болды.

15B8233F-D079-40F2-BA0C-F596838C159E

Елімізде болып жатқан карантиндік шараларға байланысты соңғы қоңырау сылдыры мектеп қабырғасында соғылмайтындықтан, оқушыларға  қоңырау үнін естірту мақсатында безендірілген автокөліктер көшелермен жүріп өтті.

11E03C93-3D5E-4277-A8D7-12B5002C8954

Әр көшеде тұратын оқушылар санитарлық шараны сақтай отырып, мектеп формасын киіп, қолдарына шар ұстап, соңғы қоңырау үнін үйлерінің алдында естіді.

1EB9FB9C-67B3-4B2D-8C36-3BB090E70AC9

Аудан және ауыл мектептерінде өткен осындай акцияға атсалысқан мұғалімдер мен ата-аналарға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтылып, жас түлектерге ақ жол тіленді.

Гүлім Асқарқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале