5.05.2018, 15:19
Оқылды: 35

Жәнібектік соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

 

98f24034-0f92-4fdf-aa6e-04b271ae8ca1Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жәнібек ауданынан келген делегация Орал қаласында тұратын ҰОС ардагерлері Жамалетдин Ысқақов пен Мардан Есмұхамбетовты құттықтады.

Ардагерлердің үйіне барған топ аудан әкімдігі атынан сый-сияпат табыстады. Делегация құрамында болған Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекет Әліпқалиев, ардагер-ұстаз Жұпар Хамзина, аудан әкімі аппаратының бас маманы Руслан Нұралиев ел қорғау жолында өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің ерлік ісі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Айта кетейік, Жәнібек ауданына 3600-ден астам адам соғысқа аттанса, 2300-ден астамы оралмаған. Майдан тылы болған ауданда соғыс аяқталғаннан кейін екі ардагер жұмыс істеген. Жамалетдин Ысқақов – Жәнібек және Қаратөбе аудандарының құрметті азаматы, доғарыстағы полковник. Ұзақ жыл Жәнібекте басшылық қызмет атқарған. Биыл ақсақалдың жасы 95-ке келді. Ал М.Есмұхамбетов 1941-1945 жылдары Ленинград, Белорусь майдандарына, Польша жерін азат етуге қатысып, Берлинге дейін барды. Зейнетке шыққанша Жәнібек ауданында түрлі салада жұмыс істеді. Бүгінде жәнібектік соғыс ардагерлерінің ішінен көзі тірі осы қос куәгер ғана майдан қасіретін айта алады.

 

Р.Әлібекұлы

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале