29.05.2018, 10:32
Оқылды: 26

Жәнібектік тұрғындардың өтінішін тыңдады

Жәнібек ауданының Қамысты, Тау ауылдарында «Ашық әкімдік» шарасы өтті.

«Ашық әкімдікке» келген ауыл тұрғындары негізінен жеке мәселелерін қаузады. Мысалы, Қамысты ауылының тұрғындары Мүслима Бисенғалиева, Тасболат Аққалиев, Асқар Файзуллин, Бұрхан Өтеғалиев ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, несие алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, тұрғын үй, жер актісі, субсидия мәселелері жөніндегі өтініштерін айтты. Ал Гүлнар Ахметова, Нұрсұлу Бисенғалиева, Әмина Ақышева сынды Тау ауылының тұрғындары ауылда жылқы ұстаушылардың малды  өз бетімен жіберетіндіктен, жылқылар жекелердің ауласын таптап, бүлдіретіндігін, тіпті, жылқылардың балалар өміріне қауіп төндіретіні жөнінде айқын деректер келтірді. Өтінішпен келгендердің бәріне де  тұшымды жауаптар қайтарылып, түсініктер берілді.

                                                                                    Н.Өтей

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале