3.11.2017, 11:50
Оқылды: 18

Жәнібектік туристер жаяу жорыққа шықты

Безымянн2545666ыйЖәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының  қызметкерлері бір жұмалық бірінші санатты қиындықтағы жаяу жорыққа шығып қайтты.

Олар «Жәнібек – Жұмаев – Тау – Жаңатұрмыс – Тегісшіл – Борсы – Жақсыбай»  маршруты бойынша жүріп өтті. Еске сала кетсек, Жәнібек пен Жақсыбай ауылдарының арасы 140 шақырымдай.

Жорық «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында негізделген «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Шара мақсаты - ауылдың табиғатын, тарихын танып білу  және  жас ұрпаққа саламатты өмір салтын насихаттау.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале