11.08.2017, 14:27
Оқылды: 19

Жәнібектің тұрғыны есірткі сақтағаны үшін жазасын алды

 

Еліміздің аумағында «Көкнәр-2017» есірткі құралдарын сақтау және иемдену, тасымалдаудың жолын кесу, қылмыстың алдын алу жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында биыл шілде айында Жәнібек ауылының Ғ.Қараш көшесінде белгісіз ер адам күдік тудырған.


Тексеру барысында оның Жәнібек ауылының тұрғыны Ш есімді азамат екені анықталды.  Аталған азаматқа қарау жүргізу барысында шалбарының оң жақ қалтасынан газетке орап салып алған, жасыл түсті, өткір иісі бар, жабайы сораға ұқсас өсімдік табылды.

-Аталған зат сот сараптама қорытындысына сай жабайы сорадан кептірілген марихуана болып табылып, жаңағы азамат ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігінде көзделген, есірткі құралын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп және сақтаумен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін аудандық соттың үкімімен 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды,-дейді аудандық ішкі істер бөлімі криминалды полиция тобының жедел уәкілі Мейрам Бапахов.

                                                                                    Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале