8.10.2018, 14:59
Оқылды: 63

Жастар жобасы 6 бағыт бойынша жүзеге асады

Тасқалаға «Адырна» этно-қоғамдық бірлестігі өкілдері келіп, мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының, аудан жастарының басын қосқан «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» жобасының оқыту семинар-тренингін өткізді.

111_4700

         Жиналғандарға бірлестік директоры Арман Әубәкір және жобаның менеджері Нұрлан Сәдір, жастармен жұмыс жөніндегі тренері Жандос Сұңғатов жоба туралы түсіндіріп, оның мақсаты туралы айта кетті. Бұл ретте сөз алған Н.Сәдір жобаның жүзеге асуы үшін қарастырылған 6 бағытын тілге тиек етті.

  • -Жақында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев NEET жастар туралы мәселесін көтерді. NEET жастар деген кімдер? Жалпы, NEET - халықаралық аббревиатура. NEET — Not in Empoloyment, Education or Training, яғни не сабақ оқымайтын, не жұмыс істемейтін, не тренингке қатыспайтын жастар категориясы. Статистика, 2018 жылдың екінші тоқсанында елімізде 300 мыңнан астам «NEET жастар» бар дейді. Бір қарағанда NEET жастар – қылмыскер емес, бұзақы емес, ешкімге зияны да, пайдасы да жоқ, ештеңеге құлықсыз, бос жүрген жастар. Ал ақылға салып қарасақ, бұл – сұмдық көрсеткіш. Себебі бұл – әртүрлі заң бұзушылық-қылмыс, бүлік, теріс дін ағымдарға тартылуы, суицидке бару қаупі жоғары категори.
  • Аталмыш жоба 6 бағыт арқылы жүзеге аспақ. Олар: интелектуалдық (зияткерлік), еріктілік пен әлеуметтік белсенділік, әскери-патриоттық,  шығармашылық, спорттық және ұлттық-құндылық. Жалпы жастар бойында патриоттық қасиетті қалыптастырып, олардың спортқа немес өзге де салаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатын көздейміз. Айта кетейік, жобаға қатысу тегін. Ол мектеп оқушылары арасында өткізіліп, облыс көлеміндегі мықтыларды анықтайтын боламыз,- деді өз сөзінде Н.Сәдір.

Семинарға қатысқандарға арнайы сертификаттар табысталды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

111_4692

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале