6.08.2020, 9:24
Оқылды: 98

«Жасыл ел» - табыс әрі үлес

“Жасыл ел" – сырымдық жастар үшін еліне үлес қосудың, қала берді, жазғы демалыс уақытында еңбек етіп, табыс табудың мүмкіндігіне айналды. Әрине, еңбек жасағының сарбазы болып, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға атсалысу кім-кім үшін де мәртебе.

8F8C72AC-C7DA-4FD2-8857-D133FE971CEB

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сырым ауданы бойынша "Жасыл ел" еңбек жасағы І маусымының сарбаздары өз жұмыстарын ІІ маусымның сарбаздарына салтанатты түрде тапсырды. Алғашқы маусымда 12 «жасылелдік», оның ішінде 3-еуі Бұлдырты ауылында жұмыс жасап, ауылдарының абаттандырылуына, басты көшелердегі гүлзарларды баптаған еді. Бұдан бөлек, олар аудандағы еріктілер қозғалысына, қоғамдық шараларға белсенді қатысты.  ІІ маусымның сарбаздары сол жұмыстарды жалғастырады.

548C5E60-EEA3-42BF-8095-55107BD0F3BF

Кеше жастар орталығында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұртілеу Болат "Жасыл ел" сарбаздарына арнайы киімдері табысталып, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық орталық мамандары COVID-19 вирусының алдын алу мақсатында арнайы шақыртылып, "Жасыл ел" сарбаздарына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

 Жұлдыз Әлпенова,

"Сырым елі" газетінің штаттан тыс тілшісі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале