2.06.2017, 17:34
Оқылды: 22

Жазушы Шолоховтың туғанына 112 жыл

Зеленов ауданы Дариян ауылындағы М.А.Шолохов атындағы музейде жазушының 112 жылдығына арналған шара ұйымдастырылды.


Шара басталмас бұрын Орал қаласындағы РФ консулының үшінші хатшысы, әуесқой суретші А.Максимов өзінің қолынан шыққан туындыларынан жасалған көрмемен таныстырды.

Әрмен қарай жиналған қонақтар мұражай қызметкері А.Горбунованың жетекшілігімен дайындалған «Тынық Дон» романынан   қойылған көріністі тамашалады.

Кейін М.А.Шолоховтың көзін көрген достары Ж.Ақбай, М.Айтасовтар жазушы туралы естеліктер айтты.

Михаил Александровичтің қазақ еліне деген сүйіспеншілігі, қазақ халқына деген мейірбандығы, достығы  мен сыйластығы ерекше болғандығы туралы кеңірек кеңінен әңгіме өрбітті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале