7.04.2017, 11:50
Оқылды: 36

Жемісті еңбекке лайықты баға

Шыңғырлау ауданында Тергеуші күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Жиында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арман Есқалиев осы мекеменің тергеу бөлімін басқарып, көп жыл қызмет атқарған тергеу бөлімінің ардагері Серік Сарсембаевқа «ІІБ-нің ардагерлер ұйымы мен Ұлттық гвардияның 45 жылдығы» медалін салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ ҚР ІІМ бұйрығымен бөлімнің МАИ жол көлік полициясы инспекторлары Мирлан Ақнұров пен Серік Бураншиевке кезекті полиция лейтенанты шені тапсырылды.

Марапатталушыларға бөлім қызметкерлері И.Габдуллиева, М.Лұқпанов, Б.Елесбаев және «ІІБ-нің ардагерлері және Ұлттық гвардия» бастауыш ұйымының төрағасы М.Мәмбетовтер құттықтау лебіздерін арнады.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале