7.05.2020, 10:49
Оқылды: 22

Жетекші партия майдангерді құттықтады

IMG-20200506-WA0047

6 мамыр күні Қазталов аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, Жалпақтал бастауыш партия ұйымының төрайымы Әлия Жақсыбаева және Жалпақтал өрт сөндіру бөлімінің бастығы Жалғас Қаженовтар соғыс ардагері Жұмат Сәрсембиевтің шаңырағында болып, жетекші партияның "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен ардагер майдангерді қызу құттықтап, Алғыс хат пен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.         Мерекеге байланысты шаңырағына келген қонақтарды емен-жарқын қарсы алған қарт жауынгер ибалы ұрпақтарымен еркін әңгімелесіп, отты жылдардан қалған ұмытылмас сәттерден естеліктер айтты. Одан кейін бақытты ұрпақтарына ақсақалдық батасын берген ардагер сарбазымыз, ел ертеңі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген аудан басшыларына ризашылығын білдірді.

 

Қыдыр  Харесұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале