23.02.2018, 14:16
Оқылды: 31

Жолдау жолдарын кеңінен түсіндірді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Сағынов, БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Миржан Сатқанов ауданымыздың Жалпақтал ауылында мекеме-кәсіпорын басшыларымен, ауылдың ақсақалдарымен, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, Елбасы Жолдауын түсіндірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына халықтың қызығушылығы зор. Бұл Жолдау жаңашылдыққа толы, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған.

-Жолдауда Президент жүзеге асырылуы тиіс 10 басым бағытты анықтап берді. Бірінші кезекте, Елбасы индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу керектігін атап айтты. Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына тезірек енуі үшін сіздер мен біз жұмыла жұмыс жасап, алға қойылған мақсаттарды толығымен орындауымыз керек. Жолдауда агроөнеркәсіп саласын автоматтандыру айтылды. Біздің ауыл шаруашылығымыз бәсекеге қабілетті болуы үшін бүгіннен бастап техникаларды жаңартып, автоматтандыру жүйесіне көшуіміз қажет,-деді Замир Садықұлы. Сонымен қатар жауапты хатшы Елбасының айтқандарын мысалға келтіре отырып, Жолдауды жұртшылыққа ұтымды насихаттап,еліміздің экономикасын дамыту жолында айтарлықтай ауқымды жобалардың жүзеге асырылу аясында айтты.

Жиын барысында ауыл ақсақалдары, Әлібек Қоңырбаев, Нағым Ризуанов, Кенжебай Үмбетов, Хамидолла Берғалиев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына толғандырған сауалдарын қойды. Сұрақтардың көбі Жәнібек станциясын пайдалану жөнінде, Жайықты тереңдету, су шаруашылығы мекемесі қайта құру, каналдардағы қақпаларды қалпына келтіру жөнінде бағытталды.

-Қазіргі күні электр және көгілдір отын күннен күнге қымбаттауда. Сонымен қатар жанар-жағармай бекеттері қысқы уақытта дизель отынының сапасы өте төмен. Соны қолға алса екен,-деді жеке кәсіпкер Ахметқали Қарағойшин.

Басқосуда Замир Сағынов ауылдас ағайындардың қойған сауалдарына нақты жауаптар қайтарды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале