31.05.2018, 14:37
Оқылды: 23

Жымпитылықтар жазықсыз қудаланған құрбандарды еске алды

Бүгін Жымпитыдағы Алаш саябағында 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті.

Бұл атаулы күннің арғы мәні тәуелсіздік идеясымен байланысты екені анық. Отанын сүйгені үшін ғана қуғынға ұшырағандардың есімін еске алумен шектелмей, ісін жалғастыру – бүгінгі буынның қасиетті парызы. Шарада сөйлеген Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева осы бағыттағы ойларын айтты.

Жымпиты халық театры Алашорда қайраткерлерінің жанкештілігін баяндайтын «Мен жастарға сенемін!» атты театрландырылған қойылым көрсетті.

Шарадан кейін жымпитылықтар саябақ ауласындағы саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале