1.06.2020, 15:31
Оқылды: 48

Министр есеп береді 

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 17 маусым күні халық алдында есептік кездесу өткізеді.

D5E2F72C-3E7E-4BA3-828D-87C0C06EF935

Бейнеконференция байланысы арқылы өтетін кездесу барысында спиркер министрліктің қызметі, экспорт пен елдер арасындағы сауда қатынастары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда кедергілері, электрондық сауда, тұтынушылар құқығын қорғау, техникалық реттеу мен сапа стандарты турасында баяндап, қойылған сауалдарға жауап беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15.00-де өтетін шараны ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube парақшалары арқылы көруге болады.

Сауалдар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome), министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің "сұрақ-жауап" бөліміне (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru); [email protected] электрондық мекенжайы арқылы, сондай-ақ министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына жолдауға болады.

Сұрақтарыңызды өңдеу үшін әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты қояр сауалдарды 10 маусымға дейін жіберу керек. Анықтама үшін телефон: 8(7172) 74 - 98 - 97, 8 701 701 01 34.

 zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале