21.08.2020, 9:57
Оқылды: 55

Теректіде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауға арналған семинар-тренинг өтті

Жуырда "Жайық таңы" қоғамдық бiрлестiгi мүшелерi БҚО жастар саясаты  мəселелерi басқармасының тапсырысымен жүзеге асып жатқан "Жас отбасы клубы" жобасы аясында Теректі ауданында болды.

8DFFB726-B470-49BD-AD67-E78720F7C12C

Теректi аудандық аналар кеңесiнiң қолдауымен ɵткен түске дейiнгi семинар-тренингте "Жайық таңы" қоғамдық бiрлестiгiнiң тɵрайымы Гүлбаршын Мұштанова, отбасылық кеңесшi Гүлмира Тɵлегенова, психолог Адема Аянғалиева, жергiлiктi полиция қызметi басқармасының əйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Шынар Капаева əйелдердi тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшiн полиция қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды кɵздедi.

Жиынға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерi, қиын жағдайға тап болған жандарға психологиялық кɵмек кɵрсету жəне тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шекендердi қолдау мəселелерi бойынша мағлұмат алды.

Бұл жиыннан соң "Бақытты отбасындағы бақытты бала" атты семинар-тренинг ɵтті.

Теректілік жастар мен жас отбасылар қатысқан шарада облыс орталығынан арнайы келген отбасылық кеңесшi Гүлмира Тайманқызы мен психолог Адема Дүйсенбайқызы ақыл-кеңестерiмен бөлісті.

Жар таңдау, отбасылық қарым-қатынас, бала тəрбиесi туралы сөз қозғаған Гүлмира Тайманқызының әңгімесін өрбіткен Әдемі Дүйсенбайқызы:

-Ұл баланы анасы, қыз баланы əкесi еркелетуi, сүйiспеншiлiкке бɵлеуi тиiс. Сонда ғана тепе-теңдiк сақталады. Ата-анасының махаббатына бɵленген бала болашақта ɵз отбасынан жылуын аямайды,- деп ұрпақ тәрбиелеу қағидасын түсіндірді.

Әрі қарай «Адамның сұлулығына емес, тектiлiгiне баға берген жɵн. Ɵкiнiшке орай, қазiргi таңда тектiлiк туралы түсiнбейтiн, бiлмейтiн жастар кɵбеюде» деген ойды тарата келе, психолог бiр халатты үш жыл киiп, "Күйеуiм басқаға кетiп қалды" деп жылайтын əйелдердi түсiнбейтiнiн айтты.

Осы басқосуда айтылған «Əйел адам үйде де түздегiдей сұлу болып жүруi қажет. Сонда күйеуiмен арасы суымайды. Əйел адам бiрiншi ɵзiн жақсы кɵруi, бағалауы тиiс. Сонда жанұясының əр мүшесi оны бағалайды», «Кейбiр қыздар тұрмысқа шығуды мақсат қылып қояды. Сүйiктiсiн жолықтырып, тұрмысқа шыққан соң, ɵзiне қарауды мүлдем қояды. Себебi мақсатына қол жеткiздi. Бұлай ойлау қате. Əйел адам ɵзiн дамытып отыруы, əркез iзденiс үстiнде жүруi керек. Сонда күйеуiн жалықтырмайды. Бiлiмдi анадан бiлiмдi ұрпақ тарайды» деген әңгіме отырған жастардың қай-қайсына да ой салғаны анық.  

Ал Әдемі Дүйсенбайқызының «Жас аналардың кɵбiне ортақ қателiк - нəрестенi жолдасы екеуiнiң ортасына жатқызу. Осыдан кейiн ерлi-зайыптылардың арасы алшақтап, ажырасу, түсiнiспеушiлiк кɵбейедi. Бала да анасын əкесiнен қызғанады. Психологиялық теңдiк бұзылады» дегенін естіген жас келіншектер үйге бара салысымен өз құрбыларымен талқыға салары сөзсіз.

Осы жерде  Теректi аудандық орталықтандырылған ауруханасының акушерi Маржан Есимова баланы жоспарлау, əйелдерде кездесетiн түрлi аурулардың алдын алу жайында бірқатар маман кеңесін берді.

Шараға қатысушылар отбасын сақтап қалу жолында ɵз нұсқаларын айтып, шараны ұйымдастырған жандарға алғыс айтты. Жалпы, әр жасты ойландырған осындай семинарлар жиі өтсе, отбасылық татулық артып,  жұбайлардың ажырасу көрсеткіші төмендер еді.

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале