1.09.2020, 16:49
Оқылды: 54

Дәстүрлі білім беру үрдісіне көшу –  уақыт талабы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын толық көріп шықтық. Ұстаз болған соң, ұрпақ тәрбиесі мен білім саласы жайында не айтар екен деп елеңдегеніміз де рас. Президентіміз халық жағдайымен толық таныс екені көрініп тұр.

роза тасанова

Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтан оқуға көшкен кездегі қателіктер болғанын да ашық айтты. Әлі күнге дейін ұстаздар қауымының WhatsApp-қа телміріп отырғанын да Президент біліп отыр. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы толыққанды білім беретін онлайн платформа әзірлеуді және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі білім беру үрдісіне көшу керек екенін де атап өтті. Сондай-ақ келер жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы өсетінін де айтты. Бұл жаңалық, әсіресе жас ұстаздарға ерекше серпін береді деген сенімдемін.

Сондай-ақ Президент ХХІ ғасырдағы қазақ халқының жаңа болмысын қалыптастыру жайына да ерекше тоқталды. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған қазіргі қоғамға шынымен де білімі мен тәжірибесін ұштастыра алатын жастар керек. Президент айтқан қазіргі заман адамының болмысын қалыптастыру міндеті білім ошақтары үшін де маңызды. Сондықтан ұлтын ұлылыққа, елін мұратқа жеткізетін ұрпақ тәрбиелеу ісіне ерекше көңіл бөлетін боламыз.

                  Роза Тасанова,

Бәйтерек ауданы

Қасым Аманжолов атындағы мектеп директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале