24.11.2020, 21:54
Оқылды: 45

Тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бір қауымдастыққа бірігеді

Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бір қауымдастыққа бірігеді. Бұл туралы ІХ Азаматтық форумда ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

870E80FE-7F0B-42AB-BC6A-3C5233E7EB6E

«Президент өткен жылғы халыққа Жолдауында азаматтық қоғамды қолдау мен нығайту қажеттігін атап өтті. Дәл осы идея және жазда енгізілген түзетулеріміз тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін айтарлықтай өзгертті. Оның ішінде тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қоғамдық бақылауды енгізу, қоғамдық бірлестіктерге тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері ретінде құқықтар беру маңызды», - деді министр ІХ Азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында.

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдарды бір қауымдастыққа біріктіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл шешім бірлестіктер институтын «Саннан сапаға» қағидаты бойынша қайта форматтауға, олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіне ықпалын күшейту үшін бірлестіктердің мәртебесін көтеруге, барлық үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, олардың қызметіндегі тар бейінді бағыттарды дамытуға, мемлекеттің тұтынушылық дауларды шешуге қатысуын барынша азайтуға көмектеседі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен бірлестіктің «рупоры» рөлін атқарады және ұйымның өкілдік функцияларын өзіне алады. Ол қауымдастық атынан Парламент пен Үкіметке жүгіне алады. Қауымдастық пен омбудсмен өкілеттіктері мен дербестігі жаңа институттардың тәуелсіздігіне кепіл болады. Бұл ретте тұтынушылық шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді және ақпараттың негізгі көзі болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді платформаға қосылуға шақырамын», - деді Б.Сұлтанов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале