18.05.2021, 9:56
Оқылды: 56

Қызғалдақ-арман

Қайырлы таң! Бүгін алғашқы жұмыс күнім. Таң атпай, киімімді үтіктеп, қажетті құралдарымды алып, жұмысқа тарттым. Таңғы шуақпен арайланған  арбат бойымен жүріп келемін. Ұйқысы қанбай, мектепке асығып бара жатқан кішкентай балалар, соңғы шыққан 91-дің бейнеклипін талқылап келе жатқан екі құрбы жанымнан өтті. Жол іргесіндегі наубайханадан аңқыған дәмді бәліштің хош иісі танауымды жарып барады. Бір кезде қарсы келе жатқан бейтаныс ата қолындағы бір шоқ қызғалдақ гүлін маған ұсынды. Түсінбей қалған маған нұры тайған қоңырқай жанары мейірлене қарап: «Ауламда өсіремін, қызым, ала ғой. Қызғалдақ – арманың орындалсын» деді. «Рақмет, ата!», - деп міңгірлегендей болдым. Маған әлі ешкім гүл сыйламаған еді. Әдемі кинолардағыдай тіптен қызықты болып кетті.

қ

Толығырақ оқығыңыз келсе, облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 18 мамырдағы №40 санындағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы, Орал қаласындағы МТЖО жанындағы «Жас тілші» үйірмесінің мүшесі Айзада Серікқызының «Қызғалдақ-арман» атты материалына көз жүгіртіңіз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале