29.07.2021, 11:10
Оқылды: 44

Қылмыстық істердің саны азайған

Бөкей ордасы аудандық сотының төрағасы Олжас Миралиев 2021 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.

брифинг

Брифингте мәлім болғандай, 2021 жылдың алты айында сотқа 53 талап арыз түсіп, 43 іс қаралып, аяқталған. Сотта татуластыру рәсімдерімен 13 іс аяқталды, оның ішінде 8 іс медиация тәртібімен, 5-уі тараптардың өзара бітімгершілік келісімге келуіне байланысты қысқартылған. Әкімшілік құқықбұзушылық негіздегі қаралып аяқталған істер саны 114 болса, оның 16-сы қысқартылып, тоғыз іс медиация тәртібімен қысқартылған, 8 тұлғаға ескерту берілсе, 31 тұлғаға айыппұл салынып, 58 тұлға қамаққа алынып, 1 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылған. Былтырғы жылдың алты айымен салыстырғанда әкімшілік істер саны 23 іске азайған.

Сот төрағасы қылмыстық істердің саны былтырмен салыстырғанда анағұрлым азайғанын атап өтті. Былтырғы жылдың алты айында 21 іс қаралса, биыл 17 іс қаралып, аяқталды.

Сондай-ақ, сот төрағасы Олжас Миралиев сот жұмысында жаңа технологияларды белсенді қолдану үрдісі қалыптасқанын, пандемия жағдайына қарамастан сот отырыстары онлайн режімде қаралатынын, «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қалыпты жүріп жатқанын да тілге тиек етті.

Арайлым Марат,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале