Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған Boeing 767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 қыркүйек күні кешкісін Түркияның Ыстанбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе лайнерінің жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Алайда, мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ, бұл тек болжам ғана. Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазақпарат